Сенім телефоны
314264
email: altin_dan@mail.ru
Мекенжайы: Шокин к.96/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 13.00-17.00
Баланың балабақшаға бейімделуі.
05-08-2022 16:47
Баланың балабақшаға бейімделуі.

Балабақшаға алғаш рет келген бүлдіршін үшін алғашқы ай бейімделу кезеңі болатыны сөзсіз. Бейімделу дегеніміз бала ағзасының жаңа немесе өзгерген жағдайға үйренуі. Кез келген балаға жаңа бөлменің, жаңа ойыншықтардың, жаңа адамдардың, жаңа өмір ережелерінің бір мезетте ұсынылуы эмоционалды және мәліметтік стресс болып келеді. Нақты күн тәртібі, ата-ананың жоқтығы, құрбыларымен қарым-қатынас, мінез-құлыққа жаңа талаптар, жалпы жаңа орта балабақшаға жаңа келген бала психикасына ауыр жүк болып, нәтижесінде ұйқысы бұзылып, тәбеті жоғалып, қорқыныштар да пайда болып, бала жиі ауырады.
Баланың балабақшаға бейімделу дәрежесін оның психикалық және физикалық денсаулығы анықтайды. Бейімделу сипаты келесі факторларға байланысты:
Баланың жасына;
Баланың даму деңгейіне және денсаулық жағдайына;
Жағымды бейімделу бес күннен бір айға дейін созылып, балада салмақтың түсуі, көңіл-күйдің және тәбеттің болмауы, ұйқының бұзылуы сияқты жағымсыз белгілер байқалмай, күн тәртібі сақталып, белсенді ойын, жақсы тамақтану, ұйықтау, құрбыларымен және ересектермен араласу орын алады. Егер бала аурушаң болса, жүйке-психикалық дамуы қалыс қалса (мысалы сөйлеу дамуының артта қалуы диагнозы), үй және балабақша тәртіптері арасында үлкен айырмашылық байқалса, отбасында жеткіліксіз эмоционалды қатынас жасалса, қолайсыз бейімделу өтеді. Мұндай жағымсыз психоэмоционалды жағдай үш айдан алты айға дейін созылып, бүлдіршін өзін жайсыз сезініп, жабырқаулы көңіл-күйде болып, топ балаларымен белсенді ойнамай, жылап, тәрбиеші сөзіне, балабақша ережелеріне бейжай қарауы мүмкін.