Бүгінгі «Маркетинг бойынша менеджер» сабағында Б.Момышұлы мектебінің 9 б сынып оқушыларымен жаңа мамандық түрімен таныстық.
Әлемнің көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқанына барлығымыз куәміз. Күні кеше ғана ата-аналарымыз жұмысшы, жүргізуші мен құрылысшы мамандықтарын көпсұранысқа ие деп білсе, бүгінде жоғары жалақы төленетін ІТ-маман, мерчендайзер, блогер, бета-тестер, модератор және басқа да SMM-шілер мамандықтары қызметінен бейхабар. Сол ретте бүгінгі тақырыбымыз «Мерчандайзинг» болды.
Анықтамасына келер болсақ, Мерчандайзинг (ағыл. merchanising өткізу өнері) - өткізу қызметі үдерісінің кезеңі, сатып алушыны тауарға "жақындатуға" және сатып алу ықтималдығын барынша қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені. Оқушылар сабақты дүкендегі сөрелерге өнімдердің тиімді орналасуын қамтамасыз ету, тауарын орналастыру бойынша ұсыныстар беру және сату орнын безендіруге көмектесу,әрбір артикул бойынша фейсингтер мен қордың минимальды рұқсат етілген санын анықтау; тауарлардың қандай түрлері немесе бумалары ұтымды, осы немесе басқа тауар топтарына берілетін сөрелік кеңістіктің пайызы қандай, нақты сату орындарын (нүктелерін), олардың мөлшерін және аудандарын анықтау – тауар орналасатын сөрелердің; сөрелерде тауарлардың дұрыс орналасуы туралы мәлімет алды.Тәжірибелік сабақта оқушылар топ жұмысында өздерін мерчендайзер ретінде көрсетіп, әр фирма атынан өз жұмыстарын талдап, көрсете білді.