«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің «Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтері» атты кезекті тақырыбы 10-сынып оқушыларын классикалық экономикалық теориясындағы инновациялардың ұғымымен, маңыздылығымен және түрлерімен таныстырды. «Бизнес-модельдің» жалпы схемасы, оның инновациялық бола алатын, ал компания «көгілдір мұхитқа» жете алатын шарттары егжей-тегжейлі талқыланды.
Мұғаліммен бірге оқушылар әлемдегі ең көп таралған схемалардың бес мысалын талқылады (оқулықта келтірілген), «Бизнес-модельдер: 55 үздік шаблон» қызықты кітабы туралы білді.1000-нан астам табысты бизнестің зерттеуі болып табылатын, осы жұмыс, жаңадан бастағандар үшін де, өз ісін қайта құрып, жаңа белестерді бағындырғысы келетіндер үшін де оқулық әрі нұсқаулық бола алады.
Бұдан әрі, іс жүзінде, «идеялар матрицасы» ойынына қайта жүгініп, командалар өз шығармашылығын көрсете алды және іс жүзінде «Жаңа бизнес-модель құрудың жалғыз жолы – бәсекелестерге қарауды тоқтату!» ұранын қолдана алды.