Өзіңді тексер

Бизнес, басқару, құқық және қауіпсіздік саласындағы мамандықтар айлығы шеңберінде ОӨК-да 5, 7, 20, 27, 33, 36, 42 ЖОМ-нің 9-11 сынып оқушыларымен Proftime ойын-викторинасы және "Өзіңді тексер"акциясы өткізілді. Психолог-кәсіби кеңесшілермен ұйымдастырылған іс-шаралар барысында балалар экономикалық сала мамандықтары туралы өз білімдерін тексерді. Ал "Сізге логистика мамандығын таңдау қажет пе?", "Сіз табиғатыңыздан бизнесменсіз бе?"экспресс-тест көмегімен оқушылар осы мамандықтарға деген өздерінің бейімділіктері туралы біле алды.