Оқу-өндірістік комбинатында "кіші медбике (аға) - массажист" бейініндегі білім алушылар арасында сайыс өтті. Жас дәрігерлер командалық жұмыста ең үздік атағы үшін жарысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: команданың бейне-презентациясы, блиц-сауалнама, "медициналық көмек көрсету" станциялары бойынша тапсырмалар: шина және бұрама салу, инъекциялар, реанимациялық іс-шаралар және үй тапсырмасын ұсыну.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын білікті қазылар алқасы бағалады: Жумабекова Айнаш Жумабайқызы 1 қалалық аурухананың "Политравма" бөлімінің аға медбикесі және Сүлеймен Еркежан Жумабекқызы медицина профилінің бұрынғы түлегі, ал қазір Павлодар қаласы жоғары медициналық колледждің "Медбикелік іс" бөлімінің студенті.
Жүлделі орындар:
1 орын - командалары: 7 АОМ, 9а, 10а
№ 24 ЖОББМ, 8е
№ 22 ЖОББМ, 9г
2 орын - командалары: № 37 ЖОББМ, 8г
№ 39 ЖОББМ, 8а
3 орын - командалары: № 4 ЖОББМ, 9а, 8г
№ 4 ЖОББМ, 9б
Құттықтаймыз!