Сенім телефоны
22-00-97
Мекенжайы: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұлттық бренд»
17-11-2022 15:17
«Ұлттық бренд»

Оқушылармен өткен қызықты тақырыптардың бірі «Бренд» тақырыбында сабақ болды. Бренд дегеніміз - елдің, тұтас бір ұлттың келбеті, жарнамасы. Оның мағынасы әрбiр фирманы немесе кәсiпорынды танытатын, оның өнiмiн жарнамалап баршаға паш ететiн тауарлық белгiсi дегенге саяды. Ол ұлтқа да қатысты болады. Ұлттық бренд - Қазақстанның өзекті тақырыбы. Мәселен, ұлттық бренд десек, сол ұлттың айырықша ерекшелiгiн бiлдiрiп тұратын танымдық белгiсi, өзгелерден айырықша көзге ұрып тұратын артықшылығы болуы шарт. Ол - бәлкiм ұлттық тағамы, киiм үлгiсi, музыкалық аспабы, экзотикалық өнерi, тағы басқа нәрсе болуы мүмкiн. Бұл - ұлттық бренд ретiнде бiр ғана нәрсемен шектелiп қалу деген сөз емес. Әрi ол әлемде басқа ешбiр елде жоқ, қайталанбас нұсқа болуы керек. Соның бәрін талдай келе. оқушылар сабақта  Қазақстаннның брендіне айналған тауар, қызмет түрлеріне талдау жасап, өздерінің ұлттық брендін білдіретін тауарлық белгісін құрастырды.