"Менің мамандығым - ФЕЛЬДШЕР"
ОӨК - да "Медициналық" бейініндегі 22-11 топ оқушыларының Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері- Владимир Васильевич Пьянзинмен кездесуі өтті. "Отбасылық кәсіптік бағдар беру күні" акциясы аясында балаларды фельдшер мамандығымен № 39 ЖОМ-нің, 9г сынып оқушысы Андрей Пьянзиннің әкесі таныстырды. Әңгімелесу барысында маман мамандықтың ерекшеліктерін ашып, дәрігер болғысы келетіндерге кеңес берді, сондай-ақ алғашқы көмек көрсету тәсілдерін көрсетіп, таныстырды.