БИЗНЕС ТЕХНОЛОГИЯЛАР: СТАРТАПТАР ҮШІН ИДЕЯЛАРДЫ ІЗДЕУ
Кез келген табысты бизнестің негізі, әдетте, сәтті идея болып табылады. Ал табысты идеяларды бизнестің негізгі бағыттарын біліп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі адамдардың ("тұтынушылардың") нақты мәселелерін "сезінуді" білетін кәсіпкерлер табады.
"Миға шабуыл" технологиясын қайта қолдана отырып, ОӨК бизнес-бағытының оқушылары өздерінің жақын ортасындағы (мектеп, шағын аудан, Павлодар қаласы және облыс, ҚР ....) мәселелері мен қажеттіліктерін бірлесіп анықтады және бизнес-идеялардың нұсқаларының тізбесін жасады. Бұл ретте көпшілік алдында сөйлеу дағдысы да жетілдірілді: бизнеске арналған идеялардың бірін 1 минуттан аспайтын уақытта ("элеватор-питч") ұсыну қажет болды.