«Шебер қолдар»
Қызмет көрсету саласындағы мамандықтарының айлығы аясында ОӨК-да "Апсайклинг, джинсыдан декор жасау" тақырыбында шеберлік-сабағы өтті. Іс-шараны Павлодар қызмет көрсету колледжінің өндірістік оқытудың шеберлері Екатерина Викторовна Абазовик және Валентина Николаевна Демьяненко өткізді. "Киім дизайнері" бейінінің оқушылары аксессуарды үлкен қуанышпен жасап, оны жеке дизайнерлік түрде безендірді, қайтадан пайдаланудың жаңа әдісімен танысты, өңдеудің жаңа әдістерін игерді. Іс-шара мейірімді атмосферада өтті.