Жазғы мамандықтар мектебі
ОӨК-да 3-14 маусым аралығында «PROF-STEP» жазғы мамандықтар мектебі ашылды.
Қала мектептерінің 7-8 сынып оқушылары алты бағыт бойынша бейінді жасақтарда оқиды.
«Маркетинг туралы» - маркетингтік кеңістікті құру барысында балалар осы саладағы өз дағдыларын, шығармашылық әлеуетін арттырады.
Жас дәрігерлер «жедел жәрдем» келгенге дейін адамның өмірін қалай сақтап қалу керек екендігін, муляж роботтың көмегімен жүрек-өкпе реанимациясы барысында жүректің соғысын қалай қалпына келтіру керек екендігін, жарақаттар алған кезде қалай көмек көрсету керек екендігін үйренеді.
«Бизнес туралы» - іскерлік ойындардың шарттары бойынша қатысушылар нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг, бизнес және кәсіпкерлік мамандықтары әлемінің нақты өзара іс-қимыл атмосферасымен танысады.
«Тігін шеберханасында» балалар тігін машинасында жұмыс істеуді, өз қолымен әдемі аксессуарлар мен тігін бұйымдарын жасауды үйренеді.
«Сұлулық студиясында» қыздар кез келген жағдайда әдемі және сапалы макияж, шаш үлгілерін жасауды үйренеді
«Өзін-өзі анықтау» - тұлға психологиясы әлеміне қызықты саяхат жасағысы келетін және заманауи мамандықтар әлемімен танысқысы келетін балалар үшін.