
17 қазан мен 21 қазан арлығында 2-ОӨК-да график бойынша «Көлік құралдарының жүргізушісі» профилінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде – профильдегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы туралы, тәжірибелік жүргізу туралы, автокөлік жүргізу бойынша жаттығуларды міндетті түрде орындау туралы сұрақтар. Жүргізуші куәлігін алу талаптарының бөліміндегі, ҚР «Жол ережесі туралы» Заңындағы өзгерістерге ерекше көңіл аударылды. Ата-аналарды МАИ емтихан тапсыру ережелерімен таныстырды. Ата-аналарды 2-ОӨК психологтарымен таныстыру ұйымдастырылды. Кәсіби-бағдар сұрақтары бойынша ата-аналарға сауалнама өткізілді. [gallery link="file" columns="2" size="medium" ids="2103,2104"]