Медициналық профильде оқушылар «Массаж» бөлімін оқи бастады.
Оқушылар массаждың түрлерімен танысты: емдік, нүктелі, спорттық және т.б.; массажға кері көрсеткіш туралы білді: тері аурулары, ағзадағы шиеленісулер; сонымен бірге массаж жасауға тыйым салынатын жерлерді: барлық табиғи майысатын жерлер, омыртқа және буындар (шынтақ, тізе және сирақ-табан). Оқушылар массаж жасаудың мөлшерін үйренді, мысалы, жалпы (үлкендерге) массаж – 45-60 минут, балаларға (жаңа туған нәрестеге) – 10-15 минут, жергілікті массаж – 10 минут, аяқ-қол массажы (жоғарғы және төменгі) – 15 минут. Оқушыларға әлі сауықтыру массажын өткізу техникасы мен тәсілдерін үйрену күтіп тұр.