2-ОӨК-да спорт және мәдениет мамандығы өрісінде айлық өтті.
Айлықтың өтуі барысында, фойеде, ОӨК келген оқушылар назарына, спорт және мәдениет өрісіне арналған мамандықтарды даярлайтын, оқу мекемелері мен кіру ұпайлары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен бірге, «Өзіңді тексер» науқаны өтті, онда оқушылар жедел-тесттің көмегімен тексерді. Сонымен қатар, «Мамандық туралы» көрме жұмыс жасады, онда осы бағыттағы мамандық профессиограммаларымен танысты. Мамандық әлемінен қызықты оқиғалар, оқушылар «Атақты болғанға дейінгі, жұлдыздар мамандығы» атты стендтік ақпараттармен танысты. 9-10 сынып оқушыларымен «Мамандық туралы сұрақ» викторина-ойыны өтті, онда белсенді қатысқан мектептер №25, №36, №5, №20 мектеп-лицей, балалар мамандық және осы өрістегі мамандықты алу жолдары туралы өз білімдерін көрсетті. «Журналист» профилінің оқушылары «Қазақстан-Павлодар» телеканалының қызметімен танысу үшін серуенге шықты. Оқушылар әртүрлі бөлімдердің мамандарының қызметтерімен танысты. Жоғарғы сынып оқушылары, шығармашылық мамандықтармен жақын танысу үшін «Шафера үйіне» серуенге барды, - бұл Қазақстан Республикасындағы жалғыз мұражай, А.П. Чехов атындағы облыстық драм театр, сонымен бірге, атақты Павлодарлық суретші Б.Г. Краснянскиймен кездесуге барды. Бұл айлықтың мақсаты, жоғарғы сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу болды.