"Журналистика" профилінің оқушылары кәсіптік-бағдар мақсатымен "Қазақстан-Павлодар" телеканалына серуенге барды. Телеканал директоры Б. А. Айтказинмен болған кездесу балаларға өте ұнады. Таныстыру серуені барлық бөлімдер бойынша танымды болды. Жаналықтар бөліміндегі Қуандық Танабас эфирге шығарылатын жаңалықтар қалай құралатынын айтып өтті. Әртүрлі бағдарламалар, кездесулер өтетін студияларды қарау балаларға өте қызықты болды. Әртүрлі бағдарламалар жүргізетін операторлармен мазмұнды әңгіме өтті. Оқушылар "Қазақстан-Павлодар" телестудиясына барғандарына өте қуанышты. [gallery link="file" size="medium" ids="1455,1453,1454,1452,1456,1451"]