"В дәрежелі көлік құралдарының жүргізушісі" профиліндегі "Кәсіп үздігі 2015" сайысы
Оқу-өндірістік комбинатының «В дәрежелі жүргізуші» профилінде жүргізуші мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатында қаланың жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында сайыс өткізілді. Сайысқа оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша таңдау өткізілген барлық профиль оқушылары қатысты. Сайыс екі кезеңнен болды: 1) теориялық курс жол жүру Ережесі біліміне; 2) Тәжірибелік бөлім – автокөлік жүргізу шеберлігі. Бірінші кезеңде 34 оқушы қатысты. 40 мүмкіншіліктен 32 ұпайдан жоғары жинаған сайыскерлер, тәжірибелік жүргізуге жіберілді. Қорыта келгенде, екінші кезеңге жоғары дұрыс жауап берген 18 оқушы өтті. [gallery link="file" ids="323,322,321,320,319"]