
«Өмірден бір күн» кәсіби бағдар ойынында оқушылар медицина және компьютерлік дизайн қызметкерлерінің жұмыс күндерін көрсетуге тырысты.
Оқушылар тапсырмаларды жақсы орындап команда құрамында өте белсенді жұмыс жасады. Кәсіби білімдерін көрсетіп медицина және компьютерлік дизайн қызметкерлерінің жұмыс күндерінің толық кестесін құрастырды.
Командалық жұмыста белсенді қатынасқан №19, №35 және № 24 мектептің 10 сынып оқушылары: Иманғазы Әліда, Бектұрсын Әділет, Исмаилов Амир, Мусалимов Нұржан,Сагинтаев Данияр, Ержанов Ақылбек, Саргазакова Лейла, Ахметов Рустам, Машиков Диас, Айдаров Ислам, Жалғаубекова Камила, Ыдрыс Диас, Еркен Алмас, Рамазан Айдар, Дошмат Айым, Елемес Тайырбек.
Барлығы ойында 17 оқушы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды белгілі бір мамандық саласының мазмұнымен таныстыру.