Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
22-00-97
email: upk2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Лермонтов көш. 50
Қабылдау бөлемі 20-20-80, ДОттЖО 22-00-97, Есеп бөлемі 22-00-45, Басшы 22-02-55,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі және бейсенбі күндері сағат 15-тен - 17-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Кіші медбике/аға-массажшы» профилінде «Кәсіп үздігі» байқауы
26-04-2018 09:57
«Кіші медбике/аға-массажшы»  профилінде  «Кәсіп үздігі» байқауы

 Байқау «Дәрігер ұсыныстарының парағы» тапсырмасынан басталды. Балалар қолдарына аурудың белгісін анықтау үшін белгілі аурулар атаулары бар бланктер алды. Келесі тапсырма «Травмпункт», байқаушылар өз ассистентерінде «Чепец» бинтын орап көрсетті.

«Медициналық терминология» тапсырмасының мәні әр қатысушы жеке тапсырма бойынша медициналық терминдердің латын тілінен мағынасын табу болды. Осы кезенде қазылар алқасы бірінші көшбасшыларды анықтады.
Байқаудың екінші кезені «Жедел жәрдем станциясы» келесі тапсырмалардан тұрды: шприцті жіне дәрі дәрмек құралдар жиынтығын жинау, әртүрлі екпе жұмыстарын орындау. Балалар екпе салу техникасын және тазалықты сақтау ережелерін көрсетуі тиіс болды. 

«Қан қысымын өлшеу»: тапсырмасында қазылар алқасы қысымды өлшеудің дұрыс техникасын қадағалады.
«Жгутты салу және қол астындағы құралдарды қолдана білу» тапсырмасында балалар өз жылдамдықтарын көрсетті. Сүйектің шығып кету немесе сынуда тапсырмасында балалар алғашқы жәрдем көмегін көрсетуді үйренді. 

Үй тапсырмасында балалар өз шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Әсіресе өзі әзірлеп әкелген тортпен танқалдырған Баяхметов Темирхан, №4 ОМ 10а сынып, және Апанасенко Ирина №11 ОМ 9а, ол өкпе макетін жасап әкелді.
Қазылар алқасында 1 қалалық аурухана «ЖИТС» кабинетінің медбикесі Жаметова Амина Каратаевна болды.

Байқау жеңімпаздары: 

I орын – Баяхметов Темирхан, №4 ОМ, 10а
Мухутдинова Алина, №5 ОМ, 10а
II орын - Кукотко Виолетта, №11 ОМ, 10а
Апанасенко Ирина,№ 11 ОМ, 9а
Байдюсен Тогжан, №7 ОМ, 10а
III орын - Байжанқызы Дамира,№ 20 ОМ Лицей, 8б
Жұматай Дариға, №35 ОМ, 10ә