
2-ОӨК 2018 жылдың 5 желтоқсан күні Г.Сұлтанов атындағы облыстық емханаға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға медицина мамандықтарының оқуына барам деген 10-11 сынып оқушыларының 21 оқушысы қатысты.
Емхананың қызметкерлері емхана бөлімшелерінің жұмысы туралы өте қызықты әңгімелеп берді.
Оқушыларға терапия, травматология, гематология, урология және гинекология бөлімдері көрсетілді.
Оқушылар орталық стерилизациялау бөлімінде және автоклавта медициналық құралдарды өңдеу процесін өз көзімен көре алды, олар гипс және компьютерлік томография кабинетінің қызметімен танысты.
Жоғарғы сынып оқушыларына химиотерапия сияқты күрделі медициналық манипуляциялар жүргізілетіні және осы мақсат үшін барлық қажетті жабдықтар бар екені жаңалық болды.
Бұрын мұндай процедуралар тек облыстық онкологиялық емханасында ғана жүргізілетін болатын.
Экскурсиядан соң, балалар емхананың қызметкерлеріне сұрақтар қойды, ал көптеген оқушылар болашақта денсаулық сақтау саласында жұмыс істеу туралы ойланды.