13 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні қарсаныңда 2-ОӨК оқушыларының арасында «Еліміздің президенті болсаңыз,не істер едіңіз?» атты сауалнама жүргізілді.
62% оқушылардың жауаптары- білім беру саласының сұрақтары болды. Мысалы: ҰБТ және ОЖСБ, тегін жоғары білім, мектеп қабырғасында оқытудың жеке таңдауы, 5-і сыныптан бастап кәсібибағдар, мектеп формасын жою, профильді мектептердің ашылуы, мысалы өнер мектебі;
20% оқушылардың жауаптары - жемқорлық;
24% оқушылардың жауаптары - еңбек жалақысы мен зейнеткерлік жасты ұлғайту;
12% оқушылардың жауаптары – денсаулық сақтау саласы. Мысалы жетім балаларға тегін аурухананың ашылуы (тегін медициналық қызметтер);
15% оқушылардың жауаптары – қаланың инфраструктурасы мен экономикасы;
6% оқушылардың жауаптары – тегін жол жүру құқығы немесе төлем ақысын азаюту;
6% оқушылардың жауаптары - әлеуметтік саланың дамуы;
6% оқушылар – еш нәрсені өзгертпеймін деген жауаптары да болды