А.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрына серуен

2019 жылдың 11 сәуірінде кәсіптер айлығы шеңберінде А.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрына серуен ұйымдастырылып өткізілді.
Серуен барысында оқушылар мекеменің құрылымымен театрлік қызметімен танысты.
Оқушылар актерлердің дайындық барысындағы жұмыстарын көруге мүмкіндік алды.
Театр қызметкерлері оқушыларға мамандықтың ерекшеліктерімен кәсіби қасиеттері туралы баяндап, балалардың қойған сұрақтарының барлығына жауаптарын берді.