Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)63-23-46
email: sad3@goo.edu.kz
Адрес: Камзин к., 9
8(7182) 33-63-83 - бухгалтерия 8(7182)63-23-46- басшы 8(7182)33-61-48 -вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00- 18.00-ге дейін.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
қалалық семинар, тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері»
06-04-2023 23:00
қалалық семинар, тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері»

2023 жылдың 7 сәуірінде «Павлодар қаласының №3 сәбилер – балабақшасы – Мектепке дейінгі экоцентр орталығы» КМҚК базасында музыка жетекшілеріне арналған тәжірибеге бағытталған қалалық семинар өтті. Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық сабақтарды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері»

Семинар модераторы Нұрғалиева Нұргүл Қайроллақызы, Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері.

Тәжірибелік семинардың спикерлері Павлодар қаласының №3, 19, 41 балабақшаларының музыкалық жетекшілері болды.

Сәбилер– бақшасының визит картасын «Павлодар қаласының №3 сәбилер-бақшасы – мектепке дейінгі экоцентр орталығы» КМҚК басшысы Галина Степановна Лебедева табыс етті.

«Павлодар қаласының №41 балабақшасы» КМҚК музыка жетекшісі Тілен Аделия Ернадарқызы семинар қатысушыларынмектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда интерактивті технологияларды қолданудың артықшылықтарымен таныстырды.

«Павлодар қаласының №19 балабақшасы» КМҚК-ның музыкалық жетекшісі Бержанова Әлия Темералиева «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыка сабақтарында нейрожаттығулар денсаулық сақтау технологияларының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде» тақырыбында балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Малышева Светлана Ильинична, «Павлодар қаласының №3 сәбилер-бақшасы – Мектепке дейінгі экоцентр орталығы» КМҚК музыка жетекшісі өз тәжірибесімен бөлісті - дәстүрлі техникалар мен әдістерді жоққа шығармай, музыка жетекшісінің заманауи балалармен ынтымақтастық пен өзара әрекеттесуінің жаңа жолдарын қалай табуға болады.

 Соңында Малышева С.И. «Мейірімділік тамшылары» рефлексиясын өткізу арқылы семинар – практикумның қорытындысын шығарды.

Педагогтер семинарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыстарын білдіріп, семинардың мазмұны бойынша пікір алмасты.

Жалпы алғанда, музыка жетекшілері семинарда белсенді жұмыс жасады, қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға ашық болды.