2023 жылғы 30 қарашада Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар облысының білім беру бөлімдерінің мамандары, әдіскерлері, педагогтері үшін «Тәжірибе. Инновация. Бастамалар» семинар өткізді.
Қарқындылық аясында мектепке дейінгі білім беру әдістемелік кабинетінің жұмыс тәжірибесі жинақталды. Спикерлер К.М. Рахымжанова, Б.К. Крыкбесова, Н. К. Нургалиева сөздерінің негізі білім беру сапасын қамтамасыз ету, педагогикалық процесті жетілдіру жолымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын трансформациялау үшін жағдай жасау, әрбір баланың тұтас дамуы мен әлеуетін ашуды көздейтін нысаналы бағдарларды қамтамасыз ету мәселелері болды.
Мектепке дейінгі ұйымда тәжірибелік – эксперименттік қызметті ұйымдастыру бойынша № 3 балабақшаның жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Сондай - ақ, балабақша педагогтерібалаларды табиғи объектілермен және экожүйелермен таныстыру бойынша интерактивті іс-шараларды жүзеге асыру туралы айтты.