Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)63-23-46
email: sad3@goo.edu.kz
Адрес: Камзин к., 9
8(7182) 33-63-83 - бухгалтерия 8(7182)63-23-46- басшы 8(7182)33-61-48 -вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00- 18.00-ге дейін.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР
20-12-2023 16:07
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

Жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың неғұрлым тиімді технологияларын, әдістемелерін, әдістері мен нысандарын практикаға енгізу мақсатында бүгін 2023 жылғы 20 желтоқсанда "Мамандыққа кіру" жобасы шеңберінде "Павлодар қаласының №3 сәбилер бақшасы– Мектепке дейінгі экоценторталығы" КМҚК базасында Жастарға арналған қалалық семинар –жас педагогтарға арналған семинарөткізілді.

Тақырыбы: "Мемлекеттік Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жаңартуы аясында балалармен ұйымдастырылған қызметте ойын инновациялық технологияларын қолдану"

Семинар модераторы Нургуль Кайроллаевна Нургалиева, Павлодар қаласы білім бөлімінің әдіскері.

Семинар-практикумның спикерлері "Павлодар қаласының №3 сәбилер бақшасы– Мектепке дейінгі экоценторталығы"КМҚК педагогтары болды.

Гульмира СулейменовнаАлибекова жас педагогтар үшін "Экология" инновациялық ойын технологиясын пайдалана отырып, интеграцияланған,ұйымдастырылған қызметті көрсетті.

Татьяна Александровна Куцик жас мұғалімдерді "сөйлейтін қабырғалар" дидактикалық құралымымен таныстырды және іс жүзінде бұл құралды балалармен жұмыс кезінде қалай пайдалану керектігін көрсетті.

Айгуль МиирмановнаТлеуберлина семинар қонақтарымен педагогтардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша іскерлік ойын өткізді.

                 Семинарды қорытындылау барысында педагогтар іс-шара иелеріне алғыстарын білдіріп, семинар тақырыбы бойынша пікірлерімен бөлісті, Мемлекеттік Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту  жаңартуы аясында балалармен ұйымдастырылған қызметте ойын инновациялық технологияларын қолдану бойынша жұмысты жетілдіру жолдарын белгіледі.

                 Семинар-практикум барысында барлық жас педагогтар жұмысқа белсенді қатысып, ұсынылған тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, сұрақтар қойды, ұсынылған жағдайларды шешті, қарым-қатынас үшін ашық болды.

                 "Павлодар қаласының №3 сәбилер бақшасы – Мектепке дейінгі экоцент орталығы" КМҚК ұжымы семинарда ұсынылған материалдар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына балалармен жұмыста көмектесетініне, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеуге ықпал етеді деп үміттенеді.