Бізге қонаққа Павлодар қаласы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мүшелері келді.
Павлодар қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының төрағасы Гүлнәр Алиасқарқызы Жусупова келіп біздің педагогтармен келесі тақырыптар бойынша әңгімелесу сағаттарын өткізді: «Туберкулездің алдын алу», «Полиомиелиттің алдын алу шаралары», «Халықты скрининг бақылауынан өткізу».