Наурыз көже
Даярлық "А" тобында Наурыз мерекесін қарсы алу кезеңі қызу жүріп жатыр. Балалар мен ата-аналар жаңа жылды салт бойынша белсенді қарсы алып, аса құрметті тағам - Наурыз көже туралы да ұмытқан жоқ. Аналар мен балалар бірігіп жеті тағам қосылған Наурыз көжені әзірлеп, барлық қонақтарға "Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!" деп дәм татуды ұсынды.