Бүгін денешынықтыру нұсқаушысы Г.И.Пфундттың жетекшілігімен даярлық топтарының ұлдарына арналған "Сарбаздар келді" атты тақырыпта денешынықтырулық ойын-сауық өткізілді. Спорт залында «Шекарашылар "Ұшқұштар" екі командасы кездесті. Болашақ "сарбаздар" өздерінің шыдамдылықтарын, күштерін, ержүректіліктерін көрсетті. "Сарбаз білімімен және күшімен мықты" атты викторинасында іс-шараның қатысушылары және қонақтары "мергенші", "тачанка", "әскери киім", "күзетке тұру" атты жаңа сөздердің мағынасын біле алды. Әрбір командалар пазлдарды қолданып, «Жасырын шифрлардан»мақал-мәтелдерді құрастырды: "Алаңда жалғыз - сарбаз емес", "Өмір - бос сөзден қымбат", "Бір-бірімізді қолдау-жеңіске жету" және т.б. Қыздар жанкүйер тобында болып, өз ұлдарын қолдай білді. Іс-шара командаларды марапаттаумен және осындай ұранмен аяқталды: "Отан, ар-намыс бәрінен де жоғары".
"Сарбаздар келді"