Әскери картаның ізімен атты музыкалды-спорттық іс-шара.
Жеңіс күні-мемлекетімізде аталып өтетін маңызды мерекелердің бірі.Бұл біздің өткенім туралы естелік. Ұлы мереке қарсаңында біздің балабақшада "Әскери картаның ізімен" атты музыкалды-спорттық іс-шара өтті. Ересек Б тобының балалары мерекеге алдын ала дайындалып, тақпақтар, әндер жаттап, әскери картаның құпиялы мәліметті жеткіз, жаралы адамды шығар, алаңды минадан тазарт, танкті жар және т.б. тапсырмаларды орындады.; іс-шараның мақсаты: балалада патриоттық сезімдерін ояту, Отанға деген махаббатын ашу. Балалардың жаксы көңіл-күйі, спортпен шұғылданамын деген ынтасы бұл жасалған мерекенің нәтижесі. Барлықтарыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз. Аспанымыз ашық болсын.