Қазақстанның Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Біздің балабақшаның кіші топтарымен ( ортаңғы "А", ортаңғы "Б", ортаңғы "В", ортаңғы "Г") "Өз өлкенді біл және сүй" тақырыбында эңгімелесу өткізілді. Ал адамгершілік сапаларды тәрбиелеу және қаланың жол жүру ережелерін білу мақсатында ДДЕ бойынша спорттық бос уақыт ұйымдастырылды.
Бағдаршам-Мигалочкин балабақша тәрбиеленушілерімен бірге ойын формасында жолда қауіпсіздік ережелері мен жол жүру ережелерін еске түсірді. Реттеуші балаларға жолда өзін қалай ұстауға болатынын, бағдаршам түстері нені білдіретінін түсіндірді. Жол жүру туралы тақпақ айтты, сонымен қатар жүргіншімен қатар жолаушының нені білу керектігін айтты.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ сөзін:
«Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!
Жүрме жолға таласып»,
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Көзін ашып-жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
Мереке барлық балалардың көңілдерінен шықты. Жағымды эмоция алды. Кездесуден естелік ретінде Бағдаршам-Мигалочкин балаларға тәтті сыйлықтар ұсынды.