Ата-аналардың көбі баланы тәрбиелеуде отасының рөлі зор екендігін жақтайды. Сондықтан, бала-бақшада жалпы ата-аналар жиналысының тақырыбы "баланың қалыптасуындағы отбасының рөлі" таңдалды.
Баланың құқығын қорғау департаменті бойынша бас маман Салтанат Болатқызы Абылдинованың сөзі қызықті және мазмұнды болды. Ол баланы тәрбиелеуде ата-ананың адамгершілік-құқықтық рөлі жайындағы сұрақты толығымен ашып берді....
Ата-аналар алдында №6 кітапхананың қызметкері Стоянова Ирина Афанасьевна сөз сөйледі. Ол әдістемелік ақпаратты көрсетіп, мектепалды оқушының кітапқа деген қызығушылығын қалай арттыруға болатынын айтып берді.
Бала-бақша психологы Тлеуберлина Айгүл Мейірманқызы ата-ана мен бала арасындағы жағымды қарым-қатынастарды қалыптастыруға арналған тренинг өткізді. Отбасыда жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін ережелер ұсынылды.
Ата-аналар жалпы ата-аналар жиналысында белсенділік көрсетті.