Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2 қарашада "Мағжан оқулары" республикалық ғылыми - шығармашылық конкурсының қалалық кезеңін өткізеді.
Байқаудың мақсаты-өскелең ұрпаққа ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын, ұлттық құндылықтарын дәріптеу, патриоттық сезімдерді ояту.
Байқауға 7-11 сынып оқушылары, мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Қалалық кезең үш номинация бойынша өтеді: "Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" - М. Жұмабаевтың шығармаларын жатқа оқу; "Жасынан оқу, өнер құған" - М. Жұмабаевтың шығармалары бойынша ғылыми жұмыстар; "Ақын да бір бала ғой айга ұмытылған" - жас таланттар (оқушылар өздерінің шығарған өлеңдер жинағын ұсынады).
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаланың білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.
БУҚБДДО «Павлодар дарыны»