Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
9-11 сынып оқушылары арасындағы ауылдық білім беру ұйымдарының V облыстық гуманитарлық олимпиадасының қалалық кезеңі
09-09-2024 13:00
9-11 сынып оқушылары арасындағы ауылдық білім беру ұйымдарының V облыстық гуманитарлық олимпиадасының қалалық кезеңі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты   қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 5 қыркүйекте 9-11 сынып оқушылары арасында ауылдық V облыстық гуманитарлық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың оқу мәдениетін, рухани әлеуетін дамыту, Қазақстан тарихына, қазақ әдебиетіне танымдық қызығушылығын арттыру. Олимпиада оқушылардың күрделі проблемалық тапсырмаларды шешу қабілеті, нақты материалға сүйене отырып, өз пікірін дәлелдей білудегі жеке жарысы болып табылады.

Іс-шараға Павлодар қаласының 8 ауылдық жалпы білім беру мектептерінен 9-11 сыныптың  18 оқушысы қатысты.

Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, ақын Жүсіпбек Аймауытовтың 135-жылдық меретойын мерекелеу аясында биылғы жылғы Vоблыстық гуманитарлық олимпиаданың тақырыбы  ретінде «Ақбілек» романы сайланды. Жазғы демалыс кезінде олимпиада қатысушылары романды  оқып, осы шығармаға және онда бейнеленген тарих кезеңіне арналған ғылыми әдебиетпен танысты.

Олимпиада екі турда өтті: I турда оқушылар 25 тест тапсырмаларын орындады, II турда оқушылар ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазды.

Барлық оқушылар олимпиаданың жеңімпазы және жүлдегері атанды, оның ішінде бірінші орын - 6, екінші орын – 7,  үшінші орын – 5.

I орын иегерлері - 9 сынып оқушылары: № 38 мектебі – Рамазан Ағайша, № 40  мектебі - Нурмуханова Малика; Кенжекөл мектебінің 10 сынып оқушылары Қабибулла Алтынай және Морош Анастасия; 11 сынып оқушылары: Кенжекөл мектебі - Зардхан Жансұлу және Жетекші мектебі - Тулеубаева Анель.

II орын иегерлері - 9 сынып оқушылары:   Балғабек Аяжан, Мажникова Яна, № 40, Никитина Ильмира,  № 31 мектебі; 10 сынып оқушылары Шаймерденова Аяулым, № 40, Зимонд Евгения, Жетекші мектебінің және  Каирбаева Венера, Жетекші мектебінің, Қабидолла Кәмила, Кенжекөл  мектебінің 11 сынып оқушылары. 

 III орын иегерлері - 9 сынып оқушылары: Масалим Мерей,  № 32, Егінбай Айсана,  Кенжекөл  мектебінің, Салдатхан Әйгерім, № 46, Қабылбек Рунар және 10 сынып  оқушысы Шектыбаева Дильназ, Жетекші мектеп оқушылары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде өтетін облыстық кезеңге қатысады.