Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ
19-09-2024 10:16
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ

2024 жылғы 19 қыркүйекте Павлодар қаласының Ж. Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, талантты оқушылардың шығармашылық қызметін одан әрі дамыту мақсатында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі өтті.

         Ұйымдастырушы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы болып табылады. Жыл сайынғы байқауға 43 мектептен 2-7 сыныптың 270 оқушысы қатысты.

       Зерттеу жұмыстарын қорғау 12 секция бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика қолданбалы математика,  физика, космос, туризм және спорт, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, химия,  биология, медицина, психология, экология, информатика, робототехника STEM.

         Қалалық байқаудың қорытындысы бойынша 196 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Оның ішінде I орын – 31, II орын – 84, III орын – 81. I және II дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылдың қазан айында өтетін облыстық іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болады.

Сондай-ақ, жоғары сапалы үлгерім көрсеткен үздік мектептерге 3 дәрежелі диплом берілді. Атап айтқанда, келесі мектептер ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды: №2, 18, 29, 41. ІІ дәрежелі диплом №7, 17, 35 және  Ж.Тәшенев атындағы мектептерге берілді. Екінші жыл қатарынан Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицей бірінші орын алып, «Ең үздік командасы» атағына иеленді.