Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ілияс Жансүгіров оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары
08-05-2025 10:52
«Ілияс Жансүгіров оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  2025 жылғы 24 сәуірде 8-11 сынып оқушылары арасында «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты – Ілияс Жансүгіров шығармашылығын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, дарындылығын ашу.

            Байқау бес бағыт бойынша өтті: «Ілияс – эпик ақын»  - «Құлагер» поэмасын жалғастыру; «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - жас ақындар номинациясы; «Ілияс – қарасөз шебері» прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу; «Сұлу сөздің сүлейі» - шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы; «Заманның заңғар тұлғасы» - буктрейлер номинациясы.

Іс – шараға қалалардың, аудандардың жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 57 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 6 оқушысы – «Ілияс Жансүгіров оқулары» қалалық кезеңінің жеңімпаздары № 21 (2), 25, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебі, Малайсары батыр атындағы, Ж,Тәшенев атындағы  мектеп оқушылары қатысты.

Оқу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мектептерінен 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

-  № 21 мектептің 9 сынып оқушысы Бауржанова Азиза«Ілияс - эпик ақын» номинациясында ІІ орынға ие болды;

- «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» бағыты бойынша Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Жылқайдаров Сана; «Сұлу сөздің сүлейі» номинациясында № 25 мектептің 11 сынып оқушысы Рыспек Ділназ; «Заманның заңғар тұлғасы» бағытында Ж.Тәшенев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Балтабай Мағжан III жүлделі орынға ие болды.