"ЖИТС, АИТВ - миф және шындық"тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
2020 жылдың 10 қарашасында "Жігер" БЖК барлық бөлімшелерінде педагогтар "ЖИТС, АИТВ - миф және шындық"тақырыбын талқылай отырып, дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: тәрбиеленушілерде салауатты өмір салтын сақтау, өмірге және денсаулыққа қауіпті мінез - құлық түрлерінен аулақ болу - АИТВ инфекциясының ең тиімді алдын алу; АИТВ-инфекциясы және ЖИТС дегеніміз не, АИТВ қалай берілетіні және қалай берілмейтіні туралы түсінікті дамыту. Іс-шараның қамтылуы: 80-нен астам бала болды.