Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
"Менің отбасым" атты сурет онлайн байқауы өтті.
05-02-2021 10:07

2021 жылдың 21-28 қаңтар аралығында «Жігер» БЖК МҚКК негізінде "Менің отбасым" атты сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, жас ұрпақ бойында адамгершілік, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ата-аналарына, отбасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байқауға 40-тан астам қатысушы қатысты. Байқауға ұсынылған суреттерден балалар мен ата-аналардың отбасылық қатынастарының барлық алуан түрлілігі көрсетілген. Әр суреттен біз «стбасы» сөзіне деген құрмет сезімін, осы жарық әлем үшін отбасына деген ризашылықты көрдік. Балалар өз суреттерінде отбасыларында орныққан жылулықты, махаббат пен нәзік сезімді барынша жеткізуге тырысты. Жұмыс саны өте көп. Жұмысты қорытындылап, бір шешімге келу қиын болды, себебі әр сурет өз ерекшелігімен көзге түсті. Әділ-қазы алқаларының шешімімен:

6-9 жас аралығындағы балалар арасында:

1 орын - Денчик Лилиана БЖК «Балшуак», Рюхтина Виктория БЖК «Эмералд»;

2 орын - Тоницкий Давид БЖК«Эмералд», Оздоева Айша БЖК«Дос», Капитанова Лилия БЖК«Азат», Ремешевская Екатерина БЖК«Жастолкын»;

3 орын - Куаныш Санжар БЖК «Дос», Оздоева Айша («Отдых») БЖК «Дос», Олжабаева Айдана БЖК «Сауран», Рыспаева Томирис БЖК «Азат», Какен Фатима («В машине») БЖК «Бирлик», Татенова Дильназ БЖК «Болашак».

10-13 жас аралығындағы балалар арасында:

1 место - Береснева Александра ДПК «Салем», Денчик Аделина ДПК «Балшуак»;

2 место - Бауыржан Баглан ДПК «Оркен», Коновалов Кирилл ДПК «Бирлик», Тульбаев Бекзат ДПК «Жаскакнат», Уахитова Адель ДПК «Дос»,

3 место - Рудницкая Мария ДПК «Бирлик», Астепенко Алиса ДПК «Эмералд», Копеева Акжамал ДПК «Дос».

14-16 жас аралығындағы балалар арасында:

1 орын - Шамкен Айғаным ДПК «Бирлик».

         Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды.