Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жігіттің түсін айтпа, ісін айт» атты талант иелерінің онлайн байқауы өтті.
25-03-2021 11:03

 

16 наурызда «Жігер»БЖК КМҚ базасында «Жігіттің түсін айтпа, ісін айт» атты талант иелерінің онлайн байқауы өтті. Байқаудың мақсаты әр баланың қабілеттерін дамыту: ойлау қабілетін арттыру, түрлі жағдайларды жеңе білу, өнер, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру. Ата-баба дәстүрін құрметтейтін, бойына өз елін сүйетін нағыз қазаққа тән тұлғаның қасиеттерін сіңіруге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Байқауға қала мектептерінінің талантты оқушылары мен БЖК «Жігер» тәрбиенушілері әкелерімен (әке мен ұл) белсене қатысты. Байқау үш кезеңнен: таныстыру «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», шығармашылық номер «Ел іші – өнер кеніші», қолөнер жұмысын жасау «Жігітке жеті өнер де аз...».

Үміткерлердің шығармашылық номерлері әділқазылар алқасының мүшелерін әртүрлі жанрда орындалуымен таңдайларын қақтырды. Әділқазылар алқасын таң қалдыру оңай болған жоқ, бірақ қатысушылар өздерінің шектеусіз ғажайып қабілеттерімен оны дәлелдеді.

Барлық қатысушылардың бәрі марапатқа лайық болды, бірақ байқаудың аты байқау, әділқазылар алқасының шешімімен:

Грап-При – Айғазы Арнұр, №17ЖОББМ;

I орын – Сұраған Нұртілек, №19ЖОББМ;

IIорын –Абаханов Сержан, №2ЖОББМ;

III орын –Жалел Мұстафа, №40ЖОББМ.

Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.