Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жекпе-жектен республикалық турнир жеңімпаздары.
13-10-2021 11:42

    Жекпе-жек спорт түрінен "Дала көкжалдары-2" республикалық турнирінде "Жігер" балалар жасөспірімдер клубының "Өркен" клубының тәрбиеленушілері Набиолла Алдияр мен Маденов Кәрім чемпион атанды. 2021 жылғы 8 қазандағы турнирге онлайн режимінде Нұр-сұлтан, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Семей, Екібастұз, Павлодар қалаларынан үш салмақ және жас санаты бойынша спортшылар қатысты.

2005-2006 жылдары туған қатысушылар арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің чемпионы және белбеу иегері Набиолла Алдияр болды,"Өркен" клубында жаттығады. 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің чемпионы және белбеу иегері Маденов Кәрім болды. 2021 жылы Кәрім Ақтөбеде аралас жекпе - жектен, 2021 жылы Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен республикалық турнирлердің қола жүлдегері атанды.

Біз жеңімпаздарымызды құттықтаймыз. Мықты денсаулық, оқуда табыс және спорт ареналарында одан әрі жеңістер тілейміз. Жарайсыңдар!