Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бокстан ашық республикалық турнир "Тәуелсіздік ұландары" өтті
24-12-2021 10:13
Бокстан ашық республикалық турнир

2021 жылдың 15-19 желтоқсан аралығында Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Жасөспірімдер мен жастар арасында бокстан "Тәуелсіздік ұландары" атты ашық республикалық турнир өтті. Турнирге 30-дан астам команда қатысты: Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары, сондай-ақ Алматы және Нұр-сұлтан қалалары.

Павлодар облысының құрамасында "Сауран" клубының тәрбиеленушілері Мақсатұлы Асылан және Темір Мүсірәлі болды. Мақсатұлы Асылан турнир чемпионы және алтын медаль иегері атанса, Темір Мүсірәлі турнирдің күміс медалін жеңіп алды. Екі спортшы да үшінші жыл "Сауран" клубында өнер көрсетеді. Асылан 6-сынып оқушысы, 19-мектеп оқушысы, Мүсәрәлі 7-сынып оқушысы, 24-мектеп оқушысы. Асылан үшін бұл республикалық ауқымдағы бірінші медаль, Мүсірәліде жасөспірімдер арасындағы бокстан қалалық турнирдің алтын медалі бар (Сәуір, 2021ж.)

Балаларды КСРО және ҚР спорт шебері, 1 санатты төреші Ертай Хайруллинович Жаменкенов жаттықтырады. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жарайсыңдар!