Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Этноауыл" жобасы бойынша "Ұлттық ойындар Fest" Қазақ ұлттық ойындар фестивалі
24-06-2022 14:36

24 маусым күні мектеп жанындағы лагерлердің оқушылары мен клубтардың тәрбиеленушілері үшін "Ұлттық ойындар Fest"Қазақ ұлттық ойындарының фестивалі өткізілді. Фестиваль қатысушылары "Тоғыз құмалақ", "Арқан тарту", "Қазақша күрес", "Қол күрес", "Асық ату" сияқты ұлттық ойындарды ойнады, қазақтың ұлттық спорт түрлерінің пайда болу тарихы туралы білді және іс жүзінде өздерінің фестивальге қатысу дағдыларын бекітті. Аталған іс – шараның мақсаты-қазақ тұрмысының ұмытылған дәстүрлерін жаңғырту, балаларды ұлттық қазақ мәдениетімен, ойындармен, билермен және әндермен таныстырды.

- "Ұлттық ойындар Fest" ұлттық қазақ ойындарының фестивалі балаларды демалыспен қамту және ұлттық ойындар ережелерімен таныстыру үшін, сондай - ақ "Этноауыл" жобасы аясында ұйымдастырылды, әр баланың шетте қалмауын және осы қызықты фестивальге қатысқанын қалаймыз,-дейді "Жігер".балалар-жасөспірімдер клубының әдіскері Саятова Жанна Рысқалиқызы

130-дан астам оқушылар мен тәрбиеленушілер қазақ ұлттық ойындар фестиваліне қатысты. Уақыт өте тез өтті, балаларға ұлттық ойындардың ережелерімен танысу және оларға қатысу қызықты болды.