Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ресейдегі бокстан өткен жарыста жігерліктер 10 медальға ие болды
28-06-2022 08:38
Ресейдегі бокстан өткен жарыста жігерліктер 10 медальға ие болды

2006-2013 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен Бокстан халықаралық турнирде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Жігер"  балалар - жасөспірімдер клубының 10 –тәрбиеленушісі қатысты.  Турнир Ресейдегі Новосібір облысы, Карасук қаласында өтті.  300-ге жуық жас боксерлер  Алматы, Павлодар қалаларынан,  Красноярск, Кемеров, Иркутск, Омск, Новосибирск, Яровое, Славгород, Челябинск, Якутск, Шелехова, Тогучин және басқа да автономды республикалардан қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша жігерлік  спортшылар қоржынына  4 алтын, 6 күміс медаль түсті.

I орынды "Сауран" клубының тәрбиеленушілері, 8-сынып оқушылары Муратов Ильяс, Арман Мақсатұлы, "Азат" клубының тәрбиеленушісі 7-сынып оқушысы Мақсатұлы Асылан, Серикбосынов Ернар, "Айналайын" клубының тәрбиеленушісі.

II орын -Жамбербаев Алмаз, "Сауран" клубының тәрбиеленушісі, "Азат" клубының тәрбиеленушілері -Темиржан Ибрагим, Қабыш Нұрсұлтан, Қабыкен, "Айналайын" клубының тәрбиеленушілері - Смағул Аңсар, Мағзұмов Дидар.

Биылғы жылы біздің кейбір тәрбиеленушілеріміз  халықаралық деңгейдегі жарысқа, алғаш рет қатысып  жақсы нәтиже көрсетіп отыр, мысалы  Мағзұмов Дидар, бокспен шамамен екі жыл айналысып келеді, сонымен қатар, футболмен әуестенеді және ағылшын тілін тереңдетіп оқиды, - дейді тәрбиеленушінің жаттықтырушысы Сүлейменов Бексұлтан Зейноллаұлы.

         Жүлдегерлеріміздің жаттықтырушылары  "Жігер" клубының педагогтары Жаменкенов Ертай Хайруллинович, жекпе-жек пен үшсайыстан спорт шебері, бірінші санатты төреші, Сүлейменов Бексұлтан Зейноллаұлы,  спорт шеберіне үміткер,.