Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Домбыра күніне арналған "Шебер Fest".
01-07-2022 16:47
Домбыра күніне арналған

 

1 шілде күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің" Жігер "балалар-жасөспірімдер клубының" Этноауылында "домбыра күніне арналған" Шебер Fest " шеберлік сыныптары өткізілді. Мақсаты-патриоттық және еңбекке тәрбиелеу, қазақтың ұлттық аспабы домбыра, ас үй, құрақ жасау, киіз басу технологиясы туралы ұйымдастырылды. Павлодар қаласының жаопы орта мектептерінен №7, 11, 14, 15, 17, 19, 24, 25, 27, 34, 39, 36, 49, 300-ден астам оқушы қатысты.

Домбыра жасау бойынша шеберлік сабағын Палодар педагогикалық университетінің оқытушысы Сыздықов Мелжан және қаланың ағаштан бұйымдар жасау бойынша белгілі шеберлері Мусаханов еркін және Мәліков Ғалым өткізді. "Жігер" клубының педагогтары бауырсақ, құрт дайындау, құрақ көрпе жасау, киіз басу техникасы және қазақтың ұлттық ою-өрнектерін жасау бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Қатысушылар үлкен қызығушылықпен және ықыласпен барлық шеберлік сабақтарына қатысты.

Клуб педагогтарының домбырада орындауында қатысушылар үшін танымал күйлер мен заманауи әндер шырқалды. Оқушылар "Қара жорға" және "Қамажай" флешмобына қуана қатысты. "Этноауылда" өткен күн бауырсақ пен құрттың дәмін татып, киіз үйде фотосессияға қатысумен аяқталды.