«Күзгі шеру»
2022 жылдың 18 қазан күні «Бірлік» БЖК-да "Алтын күз" мерекесі өтті. Сәндік қолданбалы өнер үйірмесі «Күзгі шеру» атты күз тақырыбына көрме ұйымдастырды. Бағдарламада ойындар болды. Балалар түрлі сайыстар мен ойындарда бақ сынады. Осы ойындар мен жарыстардың барлығы мерекелік атмосфераны, көңілді көңіл-күй туғызды, балалар ептілік, тапқырлық танытып, өнерлерін көрсетті. Мерекеде әрбір қатысушы көтеріңкі көңіл-күй бағасын алды. Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.