Республика Күніне арналған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті.
21-23 қазан аралығында Астана қаласында Республика Күніне арналған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті. Аталған шараға 300-ден астам боксшы, Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Астана қалаларынан және Ақмола облысынан қатысты.
"Жігер" БЖК боксшылары 10 медальді қоржынымызға алып келді. Алтын медаль иеленгендер: Жамбербаев Алмаз, Баймұрат Сұлтан, Оразбай Азамат, Байдәулет Айсұлтан және Темиржан Ибрагим. Күміс медель иелері: Қабыш Нұрсұлтан және Жүсіпов Әлішер. Қола жеңіп алғандар: Тулеубеков Нурали, Сүлейменов Темірлан және Рахимжан Мансур.