Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Сауран" БЖК тәрбиеленушілері Павлодар қаласындағы көркемсурет мұражайына көрмеге экскурсияға барды
17-11-2022 10:22

2022 жылдың 15 қыркүйегінде 15:00-ге дейін іс-шаралар жоспарына сәйкес біздің тәрбиеленушілері Павлодар облыстық көркемсурет мұражайындағы  Павлодарлық суретші Өсербай Шурановтың  мерейтойлық (70-жылдық) көрменің ашылу салтанатына қатысты.

Тәрбиеленушілер бұл көрменің ашылу салтанатының куәгерлері болғанына қуанды,осы көрме арқылы олар Павлодар қаласында дүниеге келген  суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы білді, балалар  жерлесіміз екендігін білгенде оған үлкен қызығушылық танытты. Қыл қалам шебері Шурановтың жазу мәнеріне тән, басқа да шеберлерден аса байқалған ерекшелігі, оның суреттерінің арасында Ертіс жағасы, Көкшетаулық көлдер, Оңтүстік Алматылық таулар, Баянауылдың сұлу табиғаты. Оның шығармашылық ерекшелігі халық көзқарасына қарай, суретті баяу ән іспетті бақылайсың, онда даналық пен сұлулық әдемі үйлескен. Суреттері суретшінің өзі туралы, Отан туралы, өз халқы туралы – тіріліп кететіндей, суретшінің лебі білініп, оның сезімі көрініп тұрады.

Экскурсия біздің тәрбиеленушілерге мұражай  туралы түсінікті қалыптастырып,  суретшінің  үздік суреттер жинағымен және пайда болу тарихымен таныстырып өтті,  Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықты арттырды.  Танымал экспонаттары көрсете отырып, олардың жасалу тарихын айта отырып, балалардағы патриоттық сезімді оятып, арттыра түсу, өнерге деген құрметті қалыптастыру.