Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бала құқығы-адам құқығы»
18-11-2022 14:48
«Бала құқығы-адам құқығы»

"Бала құқығы – адам құқығы"  Республикалық декададағы  "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанын өткізу шеңберінде  18 қараша Павлодар қаласы мектептерінің ата-аналар қоғамының қатысуымен  «Жігер» БЖК КМҚК дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға Торайғыров университетінің психологі Жаминова Оразгуль Оразалиновна, №25 ЖОББМ психологі Ордабаева Жанар Бейсенбайқызы, "Сеніммен болашақ"  республикалық ата-аналар бірлестігінің директоры Жанарыс Қызыр қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты  ата-аналарға оқушылардың негізгі құқықтары туралы  білімді түсіндіріп, "құқығы" және "міндеттері" туралы негізгі ұғымдарды бөліп беру,  құқықтары және міндеттерінің бірлігін көрсету, заңға қайшы қылықтарға деген  теріс қатынасты қалыптастыру, басқа адамдар құқығына құрмет сезімін тәрбиелеу.

Іс-шара "Кел, танысайық" атты жағымды тренингпен басталды, онда әрбір қатысушы аудиториямен танысты, мнемотикалық қимылмен өз көңіл-күйлерін  және бір-біріне позитивті көңіл-күйді тіледі

Жақсы тәрбие – бұл біздің балаларға олар болуы тиіс адамдар болып қалыптасуына көмек көрсету болып табылады. Бірақ бұл  баланың  бір ата-анасының  нақты көшірмесі болуы керек деп балаға деген эмоциялық қысымды көрсету деген сөз емес екендігін ескерте айтты  өз сөзінде Жанарыс Қызыр.

Бұдан әрі ата-аналармен өмірдегі жағдайлық мысалдарды талқылап,  , сондай-ақ «Заңгердің кеңесі» атты рөлдік ойын ұйымдастырды, онда қатысушылар, «Бала құқықтары туралы" конвенцияға сәйкес сұрақтарға жауап берді.  Іс-шара достық және тату атмосферада өтті, ата-аналар өз ойларын ортаға салып, шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.