Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Әдістемелік семинар-практикум
06-12-2022 14:21
                                     Әдістемелік семинар-практикум

       30 қараша күні "Жігер" БЖК КМҚК, бөлімшесі"Балшуақ" балалар-жасөспірімдер клубында  спорт бағытындағы әдістемелік семинар – практикумөтті: "Инновация арқылы спорттық бағыттағы үйірмелер мен секцияларда сапалы білім беру үрдісі". Семинардың мақсаты: жұмыс әдістерін жетілдіру, қосымша білім беру педагогтарының педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру, сондай-ақ, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары.

      Семинар-практикум пленарлық бөлімімен басталды, онда барлық қатысушылар семинар – практикум бағдарламамен танысты. Содан кейін теориялық бөлімді келесі қосымша білім беру педагогтары көрсетті: Морозов Денис Анатольевич тақырыбы "Тимбилдинг, ұжымды қалыптастырудың тиімді құралы ретінде"; Фандюшина Евгения Владимировна «Инновациялық технологиялар жеңіл атлетика әлемінде»тақырыбында; Фатхутдинов Дамир Равильевич Қазақстан Республикасында муайтайдың даму тарихын айтты; Хасанов Ренат Фердинандович спорт және дене тәрбиесіндегі өскелең ұрпақты тәрбиелеу инновациялық технологияларын көрсетті

Тәжірибелік бөлігінде педагогтар екі секцияға бөлінді: 1-секцияда бокстан және муайтайдан өз практикалық білімдерін Сүлейменов Бексұлтан Зейноллаұлы және Ракишев Жандос Сейткенович  көрсетті, 2 секцияда – Кусаинов Кайса Кабдул-Окапович  қазақша күрес секциясы бойынша және Галенза Сергей Владимирович  жетілдіру, өзін-өзі қорғау және шабуыл тәсілдері мен әдістерін көрсетті.

    Семинар-практикум  қосымша білім беру педагогтары Минин Олег Константинович пен Никитин Владислав Николаевичтің сахналық көрсетілімімен аяқталды.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.