Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жігерлі дауыс» қала мектептері мен клубтарының оқушылары арасындағы вокалдық байқауы.
27-02-2023 16:29
«Жігерлі дауыс» қала мектептері мен  клубтарының оқушылары арасындағы вокалдық байқауы.

2023 жылғы 23 ақпанда  «Жігер» БЖК КМҚК базасында «Жігерлі дауыс – 2023» қалалық байқауының бірінші кезеңі өтті. Байқауды ұйымдастырушы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы болып табылады. Байқауға 70-тен астам қала мектептерінің оқушылары мен «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері қатысты.

- Бүгін біз барлық қалалық байқаудың қатысушыларын көргенімізге өте қуаныштымыз, Сіздерге сәттілік және «Жігерлі дауыс -2023» байқауының жеңімпазы болуға тілектеспіз! – деді «Жігер» клубының басшысы Уйсинбаева Гульнар Каиргельдиновна.

Байқаудың қатысушыларын  бағалаған әділ-қазылар алқасы құрамында: балалар музыка мектебінің педагогі Галактионов Владислав Александрович, «Бәке мен Сәке» тобының әншісі Сәрсебеков Батырбек Жақсылықұлы және вокал бойынша педагог Қалибек Хуан.

Екінші кезеңге 48 оқушы өтті, олар 24 қаңтар күні Балалар музыка мектебінде өнерлерін көрсетті. Байқаудың қатысушыларын екінші кезеңде  бағалаған әділ-қазылар алқасы құрамында: Павлодар қалалық білім бөлімінің әдіскері – Мусажанова Р. А., «Бәке мен Сәке» тобының әншісі Сәрсебеков Батырбек Жақсылықұлы,  балалар музыка мектебінің педагогі – Кичаева Анна Игоревна, және вокал бойынша педагог - Қалибек Хуан болды.

Конкурстың нәтижесі:

Гран Приді Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Алдаберген Мадина жеңіп алды.

Ансамбльдер  мен топтар,  дуэттер санатында:

1 орын – ансамбль "Аѕ-соль"  "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубы;

2 орынды – "Фантазеры" тобы  №24ЖОББМ;

3 орын –  "Гармония" тобы  №17.

5-9 жастағы қатысушылар санатында:

1 орын – Галяева Диана  С. Торайғыров атындағы ЖОМ оқушысы ;

2 орын – Саттаров Айлана, тәрбиеленушісі "Жігер " БЖК";

3 орын – Қанаш Рамазан,  М. Әлімбаев ЖОМ оқушысы.

10-13 жастағы қатысушылар санатында:

1 орын – Тұрлыбек Адина,   "Жас Толқын" балалар-жасөспірімдер  

клубының тәрбиеленушісі;

2 орын – Тілеухан Мұхаммед   №2ЖОМ оқушысы;

3 орын – Жамбыл Нұрсая, "Жас Толқын" балалар-жасөспірімдер

клубының тәрбиеленушісі.

14-17 жастағы қатысушылар санатында:

1 орын – Павлов Ратмила №27 ЖОББМ оқушысы, ;

2 орын – Амантаева Жансая,  "Жас Толқын" балалар-жасөспірімдер  

клубының тәрбиеленушісі

3 орын – Қайролла Аділхан, "Жас Толқын" балалар-жасөспірімдер

клубының тәрбиеленушісі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!