Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Барлық тіршіліктің тірегі - ана
07-03-2023 10:09
Барлық тіршіліктің тірегі - ана

2023 жылғы 2 наурызда  Сүлеймен Баязитов атындағы  балалар оқу орталығының негізінде  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы КМҚК Павлодар қ. мектептер мен мектептен тыс ұйымдардың педагогтары арасында Халықаралық әйелдер күніне арналған "Барлық тіршіліктің тірегі-ана" атты қалалық мәнерлеп оқу байқауын өткізді.

Конкурстың мақсаты -Педагог қызметкерлердің шығармашылық қызметін арттырып, қоғамдағы рухани, патриоттық, көркемдік даму басымдықтарын ынталандыру.

Педагогтардың өнерін келесідей әділ қазылар алқасы бағалады: Қазылар алқасының төрағасы - Бевз Людмила Николаевна, ақын, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, "Серебряные струны" атты авторлық әндер клубының төрағасы Кожахметов Маулен Молдабайұлы, музыкатанушы,  музыкалық колледжінің теориялық пәндер оқытушысы Казакова Лариса Владимировна, Бард әндерінің авторы және орындаушысы Казаков Александр Владимирович, балалар облыстық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің басшысы  Аульбаева Асемгуль Рамазановна.

Байқауға 35 мектеп және мектептен тыс ұйымдардың мұғалімдері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Гран-Приді М.Алимбаев атындағы ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі  Адыльбаева Гульжан Сержановна иеленді, ол Қ. Бахтиярқызының  "Ана туралы" өлеңін оқыды.

Осы байқаудың жеңімпазы болып  С. Торайғыров атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі. Поляков Илья Олегович атанды, ол Е. Есениннің "Письмо матери"өлеңін орындады.

2-ші жүлделі орынды Джумадиева Айгүл Жылкыбаевна иеленді, ол, №6 ЖББОМ  логопеді. Оның орындауында  Я. Мкртычевтың  «Я не буду читать своей дочери про принцесс» шығармасы орындалды.

3 жүлделі орынды  Сабитова Айнагуль Тулегеновна иеленді, Алимбаев атындағы  ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Айнагуль Тулегеновна "Посвящается маме" атты авторлық өлеңін оқыды.

Темиртасов Айзар Азаматович, Р. Нуртазинова  атындағы ЖОББМ қазақ тілі мұғалімі "Көрермендер көзайымы" номинациясын алды, ол Тұманбай Молдағалиевтің  «Ана» атты шығармасын оқыды.

- Жыл сайын осындай іс-шаралар өткізілгені  педагогтардың сахналық бейнесін  қалыптастырып, мәнерлеп өлең оқуға  деген ынтасын арттырады  - деді Бевз Людмила Николаевна, ақын, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға Павлодар қаласы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағынан дипломдар мен бағалы сыйлықтармен мараптталды.