Бүгін – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн, деп саналады.
Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп айту керек. Адамдар үй ішін жуып, тазалап, ауланы да ретке келтіріп қояды.
Мінекий бүгін біздің де педагогтарымыз және «Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің», "Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі" қосымша білім беру педагогтары, бірігіп қаламыздың 20 шақты орта мектебін Көрісу күнімен құттықтап шықты. Шығармашық топ өз бағдарламасын ұсынды, онда қазақ әндері мен өлең шумақтары, ақ тілек батасын ұсынды.
Көрісу күніне ешкім арнайы шақырылмайды, жайылған дастархан жиылмайды. Адамдар бір-біріне түске дейін көрісіп шығуға тырысады. Түске дейін нағыз мейрам сезіледі. Ал кешігіп қалғандар болса, біртіндеп кешке дейін келе беруіне болады. Осылайша қазақтын көне уақытынан кележатқан салтымыз жарасып мәнгілікке қала берсін. Наурыз құтты болсын!