Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Asyk party"
24-03-2023 11:21

2023 жылғы 20 наурызда Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығының базасында  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» БЖК КМҚК  көктемнің Наурыз мерекесіне орай "Asyk party" асық ату фестивалін өткізді.

Мақсаты: ұлттық және халықтық спорт түрлерін танымал ету,   тәрбиеленушілерді дене шынықтырумен айналысуға тарту.

Фестивальға "Жігер" БЖК барлық бөлімшелерінен  50 тәрбиеленуші қатысты. Ұйымдастырушылар «Асық ату» фестивалінің басында  осы көне ойынның  қысқаша тарихын айтты. Асық атудың  көптеген түрлері болғандығы белгілі болды. Тәрбиеленушілер манай деп аталатын түрінен жарысты. Әрбір ойыншыда 2 асық (қойдың буын сүйегі) және бір сақа болды. Сақамен  асықтарды атып алған ойыншы  оларды ұтып алады және  ең көп асықтарды жинаған ойыншы жеңеді.

Клуб тәрбиеленушілеріне бұл ойын өте қатты ұнады.